Accessibility links

Гренландия премьері: даниялық та, америкалық та болғымыз келмейді


Мюте Эгеде және Метте Фредериксен Копенгагендегі баспасөз жиыны кезінде, Дания, 10 қаңтар 2025 жыл.
Мюте Эгеде және Метте Фредериксен Копенгагендегі баспасөз жиыны кезінде, Дания, 10 қаңтар 2025 жыл.

Гренландия тәуелсіздікке ұмтылады және америкалық та, даниялық та болғысы келмейді. Данияның премьер-министрі Метте Фредериксенмен бірігіп өткізген баспасөз жиынында Гренландияның премьері Мюте Эгеде осылай деп мәлімдеді.

"Біз гренландиялық болғымыз келеді" деді Эгеде. Ол Дональд Трамптың Гренландия аралына бақылау орнатқысы келетіні туралы мәлімдемеге реакция білдірді.

Эгеде сонымен бірге арал АҚШ-пен әріптестікке ашық екенін айтып, бірақ оның тағдырын жергілікті тұрғындар шешетінін айтты.

Данияның премьер-министрі Метте Фредериксен гренландиялықтардың тәуелсіздікке ұмтылысын заңды әрі түсінікті екенін жеткізді. Ол АҚШ-тың аралдан дәмеленуін оң құбылыс деп бағалады. Ол Дания Гренландияның корольдік құрамында қалғанын қалайды деп атап өтті.

Фредериксен Гренландия сатылмайтынын айтқанмен ресурсты игеруде АҚШ-пен әріптестікке дайын екенін жеткізді. Ол сонымен бірге арал қорғанысына тиісті дәрежеде инвестиция құйылмағанын мойындады.

Қытайдың Гренландия инфрақұрылымына инвестиция салу талпынысына АҚШ пен Дания жол бермегенін де айтты.

Сыртқы саясат пен қауіпсіздіктен басқа барлық мәселелерде автономияға ие Гренландия ұзақ уақыттан бері тәуелсіздікті аңсап жүр, бірақ экономикалық қиындықтарға кезігіп жатыр. Бұл арал өзінің ресурстары, АҚШ әскери базасы және жүк тасымалдау жолдарының арқасында Арктикада маңызды рөл атқарады, деп жазды Financial Times.

XS
SM
MD
LG