Әлеуметтік желіде адам метапневмовирусы жайлы түрлі дерек тарап жатыр. Бірақ арасында шындыққа жанаспайтыны көп дейді дәрігерлер. Үкімет Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сілтеп, алаңдауға негіз жоғын айтты. Метапневмовирус деген не? Одан қауіп бар ма? Азаттық жауап іздеп көрді.
"Қазатомөнеркәсіп" ресейлік "Росатом" мемлекеттік корпорациясы қазақстандық "Заречное" бірлескен кәсіпорнындағы үлесін Қытайға сатқанын хабарлады. Бұған қоса Ресей Қазақстанда уран өндіретін тағы екі кәсіпорындағы үлесін сатқан болуы мүмкін. Азаттық осы мәмілелердің жай-жапсарына үңіліп көрді.
- Қазақстанда бір емес үш АЭС салынуы мүмкін. Мұны өзге емес Тоқаевтың өзі айтты. - Айына шотына жүз аударым жасалған адам алаяқ па? Үкімет неге халықтың тиынын санап кетті? - Израильдің шабуылынан Газада қаза тапқан бейбіт тұрғын 46 мыңға жуықтады. Кім тоқтау салады?
Арыстағы әскери қоймадағы жарылыстан соң снаряд қалдықтарын жинау кезінде ауыр жарақат алған бұрынғы әскери қызметкер Жомарт Мұғал қорғаныс министрлігінен баспанамен қамтуды талап етеді. Министрлік жарақаттан соң оның денсаулығына байланысты жұмыстан босатылғанын, қаржылай көмек берілгенін айтады.
2024 жыл қарақалпақтар құқығы тапталып, оппозиция өкілдерін қудалау күшейген жыл болды дейді құқық қорғаушылар. Ресми Ташкент шет елдердегі белсенді қарақалпақ азаматтарын экстрадициялауға тырысты. Құқық қорғаушылар елде саяси тұтқындар саны артты деп мәлімдесе, ресми Ташкент жоққа шығарып отыр.
Қазақстанда президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары деген лауазым қайта пайда болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа қызметке Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны тағайындады. 8 қаңтарда Тоқаев Сатыбалдыны қабылдап, жойылған лауазымды неге қайта енгізгенін түсіндірді.
Дональд Трамп Украинаның НАТО-ға мүше болуына күмән келтіреді. Украина Ресейдің Саратов облысына дронмен шабуылдап, мұнай зауыты өртенгені айтылды. Биліктен кетіп бара жатқан Байден Украинаға соңғы көмегін көрсетпек. Соғыстағы ахуал. 7-8 қаңтар.
Қазақстанды қазір "Штрафстан" деп атап жүр. 4 желтоқсан күні "Ақ жол" партиясының мүшесі, мәжіліс депутаты Азат Перуашев шенеуніктер айыппұлды желеу етіп елді тонап отыр деп айыптап, "Штрафстан құрып жатыр" деп мәлімдеді. Азаттық мұның жай-жапсарын сараптап көрді.
Украинаның Курск облысындағы шабуылы жалғасып жатыр. Франция президенті Макрон соғысқа байланысты Трампқа қайырылды. Францияда жаттыққан украиналық әскерилер жаттығу базасынан қашқан.
Қаңтар оқиғасына байланысты ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов қамалғаннан бері үш жыл бойы Астанада тергеу изоляторында отыр. Ол былтыр 18 жылға сотталған. Мәсімовке қатысты тағы екі қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Мемлекеттік арна оны әлдебір "шетелдің агенті" деп атады.
Тағы