Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Бүгін Нұр-Сұлтандағы халықаралық әуежайдың еден жуушы жұмысшылары наразылық танытты. Таң атпай жиналған ондаған қызметкер басшылықтың тазалыққа қажетті заттарды бермейтінін, коронавирустан сақтану үшін медициналық масканы сатып алуға міндеттейтінін айтты/
Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Қазақстанды “Шыңжаңдағы мұсылмандарды қудалап жатқан Пекинге қысым жасауға шақырған” мәлімдемесін сынаған.
5 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласындағы дәмханалардың бірінде көп балалы аналар былтыр өрттен қаза болған бес сәбиге арнап, ас берді.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанға бір күндік жұмыс сапары барысында Азаттыққа сұхбат берді. Дипломат АҚШ-тың Шыңжаңдағы "саяси тәрбие лагерьлері" бойынша ұстанымы, Орталық Азияда қандай мәселелерге басымдық беретіні және Қазақстанмен әріптестігінің болашағы жайлы айтты.
30 қаңтарда парламентте Бердібек Сапарбаев бастаған үкіметтің бір топ мүшесі депутаттар алдында есеп берді.
Қытайда коронавирустың ошағы Ухань қаласында Қазақстанның 98 азаматы қалып қойған. Қазақстан Уханьда қалған азаматтарын эвакуациялауы тиіс пе? Бұл туралы Азаттық Нұр-Сұлтан тұрғындарынан сұрап көрді.
Қытайда вирус тараған Ухань қаласында оқитын қазақстандық студенттер биліктен эвакуациялауды сұрайды. Сыртқы істер министрлігі Уханьда Қазақстанның 94 студенті жүргенін айтады.
Нұр-Сұлтанда мемлекеттік бағдарламамен пәтер алған тұрғындар «үйіміз құлағалы тұр» деп шағынды. Жұртшылықтың сөзінше, баспанаға көшіп келгелі маза жоқ. Бірі терезе салса, енді бірі құбырларды ауыстырып әлек.
Нұр-Сұлтанда "Астана Опера" театрының алдына бір топ әйел жиналып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевты шақырды. Олар президенттен баспана мәселесін шешуді талап етті. Бұл уақытта театрда Абайдың 175 жылдық мерейтойының ресми ашылуы өтіп жатқан. Жиында бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев та отырған.
Мәжіліс депутаттарының пікірі
Human Right Watch құқық қорғау ұйымы "Қазақстанда президент ауысқанымен жағдай өзгермеді, керісінше оппозицияны қудалау күшейіп, шеруге шыққандарды қамау, журналистерді ұстау толастамады" дейді. Есепке байланысты депутаттар пікірі.
Алматыдағы ұшақ апатын тергеген комиссия алдын-ала қорытындысын жариялады. Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр бастаған комиссия мүшелері “негізгі себептің бірі - ұшаққа мұз қатып қалу” дейді.
Азаттық Радиосы журналистерінің жұмысына 2019 жылы кедергі көп кезікті. Билікке қарсы митингілерден хабар тарату кезінде тілшілерге түрлі шабуыл жасалды.
2019 жылы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде бірқатар өзгеріс болды: елде президент ауысты, әлеуметтік наразылық күшейді, саяси қозғалыстар көбейіп, ұлттық сенім кеңесі құрылды. Азаттық пікірін білген бірнеше белсенді 2019 жылды қысқаша қорытындылады.
Нұр-Сұлтанда ұлттық сенім кеңесінің екінші отырысы өтті. Бірінші отырыста екі сағатқа жуық кеңескендер екінші отырысты бір сағаттан көп асырмады. Уақыттың басым бөлігі президент баяндамасына арналды.
18 желтоқсанда Ақордаға бармақ болып, полиция тосқауылына тап болған бір топ әйелді 19 желтоқсанда билік өкілдері қабылдады. Бірнеше министрлік пен әкімдік қызметкерлері олардың шағымын тыңдап, жауап берді. Әйелдер әр түрлі талап айтты. Солардың арасында көбіне ортақ мәселе - баспанамен қамту.
2011 жылдың 16 желтоқсанында болған Жаңаөзен оқиғасының шындығы ашылды ма? Оған кім жауапты? Осы сауалды парламент мәжілісінің депутаттарына қойған едік.
16 желтоқсанда полиция Нұр-Сұлтанда Ақордаға бармақ болғандарды ұстады
Қазақстанда "Жастар жылы" аяқталып, "Еріктілер жылы" басталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "ел болашағы жастардың қолында, азаматтық позициясын ашық айтатындарға әрдайым қолдау бар" десе де белсенділер қысым көрген жастардың аз емесін айтады.
Жаңа жылдан бастап жәрдемақы мен атаулы көмек қалай төленеді?
Тағы