Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
ҰҚК Қытайдан Қазақстанға "шекараны заңсыз кесіп өтті" деп айыпталған этникалық қазақтар Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлы Қытайға қайтарылады деп мәлімдеді.
Қазақстанда қала аралық жолдардың бойына күні-түні ашық тұратын дәретхана салына бастады. Бір дәретхананың құны – 23 миллион теңге (шамамен 60 мың доллар). 2022 жылға дейін үкімет тағы 304 дәретхана салуды жоспарлап отыр. Билік өкілдерінің сөзінше, қаражатты жеке инвесторлар бөлген.
Неміс телеарнасына берген сұхбатында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қытайдың қайта тәрбиелеу орталықтарында бірен-саран ғана этникалық қазақ отырған болар" деді. Бұған мәжіліс депутаттары не дейді?
Орталық сайлау комиссиясы саяси партиялар және сайлау туралы заңға өзгеріс енгізу үшін референдум өткізуді ұсынған бастамашыл топтың ұсынысын қабылдамады. Сайлау комиссиясы кворум жиналмады және азаматтардың жеке мәліметі дұрыс көрсетілмегенін алға тартады. Ал бастамашыл топ шешіммен келіспейді.
21 қарашада Қазақстанда мемлекеттік барлық орган басшылары халықты қабылдады. Сот үкімдерінің заңсыз екенін айтып жүрген белсенділер осы мүмкіндікті пайдаланып бас прокурорға кірмек болды
Қытаймен арадағы шекараны заңсыз кесіп өтіп, Қазақстанға келген этникалық қазақтарға мемлекет қаншалықты көмектесіп, қорғауына алып отыр? Депутаттар пікірі.
Нұр-Сұлтандағы автокөлік дөңгелегін өңдейтін жалғыз зауыт жұмысын тоқтатты. Кәсіпорын басшылығы бизнестің жүрмеуін «Өндірушілердің кеңейтілген міндеті» дейтін жекеменшік компаниядан көреді.
Қазақстанда жүздеген белсенді сайлау және партиялар туралы заңға өзгерту енгізуді қалайды. Осы мақсатта олар 10 қарашада Нұр-Сұлтанда жиналды. Бірақ бұл бастамаға қарсылық білдіргендер де болды.
Қазақстан сенаты Нұр-Сұлтан мен Киев арасында экстрадициялау келісімі туралы заңды қабылдады.
Қазақстанда "Жастар жылы" аяқталып келеді. 2019 жылды үкімет жастарға арнаған және бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев "жастарды қолдауға арналған әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек" деген.
Қазақстанда "Жастар жылы" аяқталып қалды. Қазақстанда жастар мәселесін шешілді ме? Депутаттар пікірі
Нұр-Сұлтанда бір топ белсенді биліктен Қытаймен шекараны заңсыз кесіп өттік деген этникалық екі қазаққа босқын мәртебесін беруді сұрады. Белсенділер Қытайда қысымға ұшыраған этникалық қазақтар мәселесіне Қазақстан билігі әлі күнге назар аудармай отыр деп санайды.
Қазанның 26-сы күні Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент пен Ақтөбеде полиция "митингі өтеді" деп көрсетілген жерден ондаған адамды ұстап әкетті. Биліктің болмаған акция үшін азаматтарды ұстап, қамауы дұрыс па? Бұл адам құқығын бұзу емес пе? Азаттық тілшісінің мәжіліс депутаттарынан сұрап көрді.
Қазақстан Егемендік декларациясы қабылданған 25 қазан Республика күнін атап өтпегелі 10 жыл болды.
Мұғалімдер қарызға тамақтанып, өз ақшасына қағаз, принтер сатып алуға мәжбүр. Көкшетаулық ұстаз Әлия Ахетова білім саласындағы қордаланған проблемаларды көтерді. Қазақстанда мұғалім жағдайы қайтсе жақсарады?
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кадр саясатын экс-президент, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтан тәуелсіз жүргізе ала ма? Азаттықтың бұл сауалды астана тұрғындарына қойып көрді.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кей жоғары лауазымды қызметке тағайындағанда бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың келісімін алу жайлы өзгеріс енгізетін жарлыққа қол қойды. Бұл нені білдіреді? Азаттық парламент депутаттарынан сұрап көрді.
Нұр-Сұлтандағы қоғамдық көліктерге адам жүзін жазбай танитын бейнекамералар орнатыла бастады. Құрылғыларды әкімдік Қытайдың Hilvision компаниясынан сатып алған. Бұл компанияны АҚШ Шыңжаңдағы саяси қуғын-сүргінге қатысы бар деп айыптағанын да білесіздер. Камералардың қызметі мен олардың қоғамдық көлі
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстандағы билік транзиті, бейбіт митингі туралы заң және Шыңжаңдағы жағдай, Қазақстандағы наразылықтар туралы айтты.
Қала әкімдігіне барған Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанның жайсыз екенін, шаһарда көп нәрсеге көңілі толмайтынын айтты. Азаттық тілшілері қала тұрғындарынан "Нұр-Сұлтан жайлы ма және нені өзгерту керек?" деп сұрады.
Тағы