Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Қазақстанның денсаулық сақтау министрі карантинді жеңілдетуді ұсынды. Ұсынысты коронавируспен күрес комиссиясы мақұлдаса базарлар толық ашылып, қоғамдық көліктер жүре бастайды. Елде COVID-19 сексен бес мыңдай адамнан анықталған.
Нұр-Сұлтанда ақшасын төлеп қойса да он жылдан бері үйіне кіре алмай жүрген тұрғындар наразылық білдірді. Құрылыс компаниясы 2010 жылы 12 қабат үйді бір жылда салып бітіруге уәде еткен. Бірақ сол уәде әлі күнге орындалмаған. Әкімдік құрылысқа жауап бермейтінін айтады.
Қазақстанда құқық қорғаушылар мен журналистер депутаттарды іздейді.
Нұр-Сұлтанда бірнеше бала ерткен екі әйел биліктен көмек сұрап, министрлер үйінің алдына барды.
Қазақстан үкіметі карантин кезінде мұқтаж жандарға (өзі мүгедек немесе мүгедек бала бағып отырған, жұмысы жоқ адамдар) 5556 теңге төлемек.
Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек ретінде 100-ге жуық тыныс алу аппараттын жолдамақ. Сарапшы қиын шақта әр ел бір-біріне көмектесуі керек деп санайды.
Қазақстан үкіметі коронавирус пандемиясына байланысты карантинді ұзартты және табысынан айырылғандарға 42 500 теңге төлемек. Тұрғындар ақшаның аз екенін айтады.
13 шілде күні Қазақстан коронавирус жұқтырып қайтыс болғандарды еске алып, аза тұтты.
10 шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет отырысын өткізіп, коронавирус дағдарысына министрлер мен әкімдерді айыптады. Екі аптада жағдай реттелмесе, үкіметті тарату мәселесін көтеретінін айтты. Саясаткер Уалихан Қайсар қазіргі үкімет екі аптада жағдайды өзгерте алмайды дейді.
Қазақстан үкіметі елдегі күнкөріс минимумы мамыр айында 32 127 теңге болғанын хабарлады. Биліктің пайымдауынша, осы ақшаның жартысына бір адам бір айға жететін азық-түлік сатып алады. Бірақ ішіп-жем мен өзге де тауардың қымбаттағанын айтқан халық үкімет есебіне күмән келтіреді.
Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ Еуропа елшіліктері алдына жиналып, Қазақстандағы адам құқығының бұзылмауын талап еткен бір топ адамды алып кетті. Олар 6 маусым күні оппозициялық топтар ұйымдастырған митингіден кейін ұсталып, қамауда отырғандарды босатуды сұраған.
Нұр-Сұлтанда карантин талаптарына наразы бір топ ресторатор, асаба және кәсіпкер әкімдіктен тойханаларды ашуды талап етті. Олар коронавирус пандемиясы кезінде табыстан қағылғанын, күнкөріс қиындағанын айтады.
Қазақстан билігі коронавирусқа қарсы күресті жалғастыра беретінін айтып, тұрғындарды топтаспауға, маска тағып жүруге шақырады. Бірақ Нұр-Сұлтан ішінде жүретін қоғамдық көліктердегі ахуал керісінше. Таңертең жұмысына, кешке үйіне асыққан жұрт талаптың бәрін орындай алмайтынын айтады.
Қазақстан сенаты "депутаттардың мәртебесі туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобаларын қабылдады. Құжатта "Ақ жол" партиясы ұсынған "парламенттегі оппозиция" туралы бөлігі де бар. Заңды әзірлеушілер "өзгеріс елді демократияға бастайды" десе, сарапшылар "көзбояу" деп есептейді.
Қазақстанда оннан аса телеарна журналистері отыратын Қазмедиа орталығында екі адамнан коронавирус анықталды. Үш мыңдай қызметкердің ішінен ғимаратқа кіруге рұқсаты барлар саны үш жүзге дейін қысқарды.
Тіркелмеген “Көше партиясы” қозғалысын Қазақстан бас прокуратурасы “экстремистік ұйым” қатарына қосып, қызметіне тыйым салды. Құзырлы орган қозғалысты “Мұхтар Әблязов құрған ҚТД ұйымымен байланысты” дейді. Белсенділер мұны жоққа шығарады және сотқа шағымданбақ.
Нұр-Сұлтанда 18 мамырдан бастап балабақшалар мен мейрамхана, кафелер жұмысқа кірісті. Қалада адам саны да арта түскен. Дегенмен короновирус жұқтырған науқастар саны күрт көбейген. Министрлік өкілі вирус жұқтырғандардың өсуін "карантин талаптарын сақтамады" деп тұрғындардан көреді.
Мәжілістен сенатқа келіп, сенаттың қарауынан өтпей қалған "Бейбіт жиындар туралы" заң жобасы жайлы белсенділер не дейді?
Қоғамда наразылар көп болса да мәжіліс екпе салуды міндеттейтін заң жобасын мақұлдап, сенатқа жолдады. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасын денсаулық сақтау министрлігі дайындаған.
Төтенше жағдай аяқталған соң Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік жұмысы жанданды. Банктер мен халыққа қызмет көрсету орталықтары да жұмыс істей бастады. Бірақ несиесін төлеуге, зейнетақысын алуға немесе қандай да бір құжатын жасатуға келген жұрт сағаттап кезек күтетіндеріне қынжылады.
Тағы