Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Парламент сайлауы қарсаңындағы партия жетекшілерінің дебаты жаңа жылдық мерекеге бір күн қалғанда өтеді. Орталық сайлау комиссиясы пікірсайысты 30 желтоқсанға белгіледі және қатысушыларды экономика мен әлеуметтік мәселе төңірегіндегі екі тақырыптан ауытқымауға міндеттеді.
Нұр-Сұлтан тұрғыны, жиырма тоғыз жастағы әйелдің өлімінен кейін қазақстандықтар отбасындағы зорлық-зомбылықпен күресті күшейтуді биліктен талап етіп жатыр. Биіктен құлап қаза болған келіншек бұған дейін әлеуметтік желіге жазып, полицияға барып, "күйеуім ұрып-соғады" деп шағымданған.
Қазіргі депутаттар арасында келесі сайлауға кандидат болып тіркелмегендер көп. Олар өздерін тізімге қоспаған партиялары туралы не дейді?
ЕҚЫҰ 10 қаңтарға жоспарланған парламент сайлауына бақылаушы жіберді. Ондаған адам елдің әр өңіріне барып, саяси науқанның дайындығын, сайлау күні кімнің қалай дауыс беретінін бақылайды.
Орталық сайлау комиссиясы бақылаушылардың міндетіне байланысты жаңа қаулы қабылдады. Құжатта бақылаушылар арнайы рұқсат алмаса, сайлау учаскелерінен фото-видео түсіріп, онлайн трансляцияға шыға алмайтыны жазылған. Тәуелсіз бақылаушылар мұны заңға қайшы әрекет деп санайды.
Нұр-Сұлтанда құқық қорғаушы, азаматтық белсенді Болатбек Біләлов 25 қараша күні өзін үйінен ұстап әкеткен полицейлердің үстінен арыз жазды.
Нұр-Сұлтанда 20 шақты әйел парламент ғимаратының алдына жиналып, мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулинге ашық хат жолдады. Олар мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға тегін баспана беруді талап етті.
10 қаңтарға белгіленген сайлау қарсаңында оппозициялық күштердің бір тобы саяси науқанға бойкот жариялайтынын мәлімдеді. Бірақ келесі бір топ өзін Қазақстандағы тіркелген жалғыз оппозиция деп есептейтін ЖСДП құрамына кіріп, сайлауға баруға шақырып жатыр.
Шымкентте тұрмыстың қиындағанын айтып елу шақты адам әкімдікке барды. Көп балалы, жалғызбасты әйелдерді баспана, балалардың жәрдемақысы, су, газ тарту мәселесі алаңдатады. Жиналғандар қала әкімінің орынбасарлары мен аудан әкімдеріне сенбейтінін айтты.
Қазақстанда медицина мамандары қамауда отырған бұрынғы денсаулық министрін босатуды сұрап, ашық хат жазды. Әріптестері "бюджет қаржысын жымқырды" деген күдікке ілініп, тергеу басталған Елжан Біртановтың жазықты екеніне сенбейді.
Әлеуметтік желіде АҚШ тағы президент сайлауы қызу талқыланып жатыр. Кейбір желі қолданушылары "Қазақстандағы сайлау бұлай қызық әрі әділ өтпейді" деген пікір айтады. Азаттық тілшілері парламент депутаттарынан 2021 жылы қаңтарда өтетін мәжіліс және мәслихат сайлауының қалай өтетіні туралы сұрады.
Күні кеше бұрынғы денсаулық министрі Елжан Біртановтың да жемқорлық күдігіне ілінгені хабарланды. Азаттық депутаттардан шенеуніктердің жиі істі болуына кім жауапты деп сұрады.
Нұр-Сұлтанда ботаникалық саябақ аумағында спорт нысаны салынып жатыр. Саябақ директоры жергілікті биліктің құрылыс бастарда ақылдаспағанын айтады. Әкімдік уәжіне қарағанда, спорт кешенін салу екі жыл бұрын жоспарланған.
Жергілікті мәслихат депутаттарын партиялық тізіммен ғана сайлау - жеке азаматтардың құқығын шектемей ме, партиялардың үстемдігін көрсетпей ме?
Нұр-Сұлтанда полиция билікті сынап жүрген бірнеше белсендінің үйін тінтті. Кейбірінің телефоны мен өзге де заттарын алып кеткен. Белсенділердің өзі мұны 31 қазан күні Алматыда өтуі тиіс митингімен байланыстырады.
24 қазанда бірнеше қалада белсенділер асарға ұқсас акция өткізіп, қолдан жасалған бұйымдары мен балалар салған суреттерді сатты. Одан түскен ақшаны қазір қамауда жатқан белсенділердің отбасына бермек болған. Бірақ Нұр-Сұлтан полициясы белсенділерді ұстап әкетті.
Қазақстанда ресми тіркелген алты саяси партия бар. Олардың үшеуінің ғана өкілдері парламент мүшелері. Қалған партиялар алдағы сайлауға қатыса ма? Олар науқанға қалай дайындалып жатыр? Азаттық тілшісі тіркелген партиялардың Нұр-Сұлтандағы кеңселерін аралап көрді.
Бұрынғы депутат Серік Әбдірахманов алдағы мәжіліс сайлауы "жабық шеңберде бәсеке туғызады" дейді. Сарапшы соңғы бірнеше жылдан бері Қазақстанда сайлау әділ өтпейтінін айтады. Сөзінше, билік тәуелсіз партияларды тіркемей, тағы да сайлауды ойыншыққа айналдырмақ.
Азаттық парламент мәжілісі мүшелерінен "Қайтадан депутат болуды қалайсыз ба?" деп сұрап көрді.
Коронавирус пандемиясы кезінде Қазақстанда азық-түлік уақыт өткен сайын қымбаттап барады. Әсіресе халық көп алатын ет, жұмыртқа, көкөніс бағасы өскені байқалады. Ресми статистикадағы көрсеткіш пен базардағы баға әр түрлі.
Тағы