Қазақстанның біраз өңірін су алып жатқан шақта президент пен әкімдерді сынап, наразылық білдіргендер көп болды. Биліктен жедел әрекет талап етіп, жолды жапқандар "заңсыз митинг" үшін айып арқалады. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "қоғамға іріткі салатын әрбір әрекетке тосқауыл қоямыз" деді. Төтенше жағдай кезінде биліктің қоғаммен қарым-қатынасы қалай болды?
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында 2013 жылы табиғи газ кеніші игеріле бастаған. Алғашқы жоспар бойынша, жеке компания газ қорының тең жартысын облыс аумағына таратып, тең жартысын Қытайға экспорттауға тиіс болған. Алайда арада он жылдан аса уақыт өткенде табиғи отынның басым бөлігі шетелге сатылып, ауданның өзі көгілдір отынмен толық қамтылмай қалды. Бұған не себеп болды?
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында 2013 жылы табиғи газ кеніші игеріле бастады. Алғашқы жоспар бойынша жеке компания тең жартысын облыс аумағына таратып, тең жартысын Қытайға экспорттауға тиіс болған.
Өскемен мен Семей қалалары 2022 жылы екі облысқа бөлініп кетсе де, ортақ проблемалар зардабын тартып келеді. Соның бірі – қаланы жарықтандыру мәселесі. 2017 жылы екі қаланың көше шамдарын жетілдіріп, "Лас-Вегастай жайнатуға" Еуропаның қайта құру және даму банкінен 3,6 млрд теңге несие алынған. Қазір ол қарыз "халық ақшасынан" төленіп жатыр, бірақ ондаған көшедегі мыңдаған шам әлі жанбайды.
Өскемен мен Семей қалаларының көше шамдарын жетілдіріп, "Лас-Вегастай жайнатуға" 2017 жылы Еуропаның қайта құру және даму банкінен 3,6 млрд теңге несие алынған. Қазір ол қарыз "халықтың ақшасынан" төленіп жатыр, бірақ ондаған көшедегі мыңдаған шам әлі жанбайды.
Су министрлігі Қазақстанның бес өңіріндегі бөгендер 95-100 пайызға толып тұр деп хабарлады. Су астында қалған аудандар күн сайын көбейіп барады. Қазақстан бойынша қазіргі ахуал қандай?
Ақтөбе облысында екінші бөгет жарылды. Қала әкімі қауіпті аймақтағы тұрғындардан кетуді сұрады. Астананың іргесіндегі ауылдарға тағы да су келе бастады. Ал Ресейден су келіп жатқан Батыс Қазақстан мен Атырауда жағдай қиындап барады.
Әлеуметтік желі қолданушылар тасқын су басқан өңірлердегі жағдай туралы видеоларды әлеуметтік желіде жариялап, ел шығынға батқанын жазып жатыр. Билік қауіп әлі сейілмегенін айтады. Президент екі айға жуық уақыт бұрын ғана өзі тағайындаған үкіметті сынап, елден кешірім сұрап, кезекті рет уәде берді.
Қазақстанның 10 облысында су тасып, қауіп төндіріп тұр. Төтенше жағдайлар министрлігі қазір Қостанай облысында жағдай өте күрделі дейді. Кейбір аймақта төтенше жағдай жарияланған.
Қазақстанның бірнеше өңірінде — Алматы, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында су тасып, үйлер мен жолдар бүлінді. Басқа аймақтарда да қарғын судан қауіп бар. Азаттық тілшісі Семейде су басқан үйдің ауласына барып, зардап шеккендермен сөйлесті.
"Мәселе үсті-үстіне үйіле берді. Айтсақ билікке жақпаймыз". Өскемен қаласының құрамындағы Шығыс, ел арасында "Нұрлы көш" деп аталатын ауылдың халқы он жылдан астам уақыттан бері мемлекет салған сапасыз үйде тұрып жатқанына шағым айтып келеді. Олар аязды күні үйінің қуыс-қуысын киізбен бітеуге мәжбүрміз дейді. Ол үйлердің көбі әлі мемлекет иелігінде. Ал жергілікті депутаттар "ол үйлерді тұрып жатқан адамдар өзі жөндеп алуы керек" деп отыр.
Өскеменнің қасындағы қандастар ауылының халқы 13 жылдан бері сапасыз үйде тұрып жатқанына шағымданып келеді. Олар аязды күні үйдің қуыс-қуысын киізбен бітегенін айтады.
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Еркін Тойбазаров мемлекеттік айып тұрағына қойылған автокөлігін тоғыз айдан бері таба алмай жүр. Полиция мәшине жоғалғанын растап, іздестіріп жатқанын хабарлаған. Бірақ нәтиже жоқ.
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының қарызы 3 трлн теңгеге жуықтады. Компания төрағасы қарызды қайтару үшін тарифтерді көтеру не компанияны мемлекеттен қаржыландыру керегін айтты. ҚТЖ мұндай қарызға қалай батты? Оның қызметіне жолаушылардың көңіл тола ма?
Шығысқазақстандық кәсіпкер Алмас Таңғытұлы шағын бизнес бастаған адамға кәсібін сақтап қалу қиын екенін айтады. Оның сөзінше, салықтар тым ауыр. Дүкен сөрелерінен орын алу үшін төленетін ақша да аз емес.
Ата-анасыз қалған жасөспірімдер үйінің түлегі, өскемендік Шыңғыс Құрманханның жиналған жәрдемақысына Жасөспірімдер үйі баспана сатып алып берген. Жас жігіт өзіне тиесілі қаржының әбден тозған, тышқан мен қоңыз басқан пәтерге жұмсалғанына наразы.
Шығыс Қазақстан облысындағы ауылда Екінші дүниежүзілік соғысқа арналған ескерткіш пен оның алдындағы аллеяны абаттандыруға 11,6 млрд теңге бөлінген. Қоғам белсендісі бұл сома тым көп екенін әрі мемлекеттік сатып алу талаптары сақталмағанын айтады.
Ресей Украинаға зымырандармен шабуылдап, елдегі екінші ірі қала — Харьковтегі азаматтық нысандарды зақымдады. Еуроодақ басшылары Киев көмекке мұқтаж екенін айтып дабыл қағып жатыр. Ал Қытай Беларусь астанасы Минскіге төрт күнде төрт рет жүк тасымалдайтын ұшақ жөнелткен.
63 жастағы Өскемен тұрғыны Елена Хардина тазы асырайды. Оның тазылары халықаралық ит көрмелерінде жүлде алған. Тазы ерткен орыс әйелге қала тұрғындары қызыға қарайды. Ол тазының халықаралық дәрежеде мойындалуын қалайды, өзі де осы іске атсалысып жүр.
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Маралды ауылы сулы, нулы, қойнауы алтынға бай Алтай тауында орналасқан. Мұнда екі өзеннің арнасы қосылып, қайнар бұлақтар бастау алады. Ауыл маңында 10 жылдан бері кен барлап келген тау-кен кәсіпорындары 2022 жылы алтын өндіретін фабрика сала бастаған. Содан бері ауыл адамдары «су мен табиғат бүлінеді, экология ластанады» деп үзілді-кесілді қарсы болып келеді. Ал облыс билігі фабрика құрылысында заңсыздық жоқ дейді.
Тағы