"Порноактрисамен байланысты жасыру ісі": АҚШ соты Трампты жазадан босатты

АҚШ-тың қайта сайланған президенті Дональд Трамп

Нью-Йорк соты порноактрисамен байланысы жөнінде ақпаратты жасыру мақсатында ақша төлеген құжаттарды бұрмалады деп айыпталған Дональд Трампты жазадан "шартсыз босатты".

Ол былтыр көктемде Нью-Йорктегі қазылар алқасы шығарған 34 жалған құжат бойынша кінәлі деп танылған. Алайда сот президент институтына құрмет көрсетіп, Трампты жазадан босатуды қаулы етті.

Трамп өзінің кінәсіз екенін айтып, процесті саяси іс деп атаған. Ал ақша аударымдарын – есепшінің қателігінен болғанын мәлімдеген. 2025 жылы 4 қаңтарда Truth Social желісінде АҚШ-тың қайта сайланған президенті істі "саяси шабуыл" деп те атаған.

Дональд Трамп — АҚШ тарихында қылмыстық жауапқа тартылған алғашқы экс-президент. Оған қарсы төрт қылмыстық іс қозғалған. Бизнес-есепті бұрмалау ісінен бөлек, Трампқа құпия құжаттарды дұрыс сақтамау, 2020 жылғы президент сайлауына килігу талпынысы және Капитолийге басып кіру оқиғасына байланысты билікті басып алу талпынысы бойынша іс қозғалған. Бұған дейін арнайы прокурор құпия құжаттарды сақтау және сайлауға килігу істері бойынша Трампқа айып тағудан бас тартқан.